«Юниверс» адалдық бағдарламасы туралы Ереже
ADIDAS UNIVERSE (“UNIVERSE”) АДАЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
adidas – adidas Universe ("Universe") адалдық бағдарламасына қош келдіңіз. Осы Ережелер adidas Universe ("Universe") адалдық бағдарламасына (бұдан әрі "Бағдарлама"деп те аталады) мүшелік тәртібін реттейді. adidas Universe ("Universe") құрамына кіре отырып, Қатысушы осы Ережелерді сақтауға міндеттенеді. Сонымен қатар, Қатысушы adidas Universe ("Universe") адалдық бағдарламасына кірудің, адалдық жеңілдіктерін алудың және пайдаланудың негізгі шарттарымен қысқаша таныса алады
1. Терминдер мен анықтамалар. adidas Universe адалдық бағдарламасын ұйымдастырушы – «АДИДАС» ЖШС, заңды және пошталық мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы, 210, А-3 блок, БСН 070340010694, банк деректемелері: ЖСК KZ0283201t0200127021 «Ситибанк Қазақстан» АҚ БСК CITIKZKA (бұдан әрі мәтін бойынша – «Ұйымдастырушы»). Бағдарламаның қолданылу аумағы: бағдарлама Қазақстан Республикасының аумағында Ұйымдастырушының adidas бөлшек сауда дүкендерінде әрекет етеді, олардың өзекті тізімі adidas.kz.сайтында ұсынылған. Бағдарлама Ұйымдастырушы adidas.kz сайтында бағдарлама жұмыс істейтін дүкендер ретінде жарияламаған ұйымдастырушының дүкендерінде ұйымдастырушының көтерме немесе франчайзингтік серіктестерінде, оның дистрибьюторларында немесе adidas тауар белгісімен белгіленген тауарларды сатуды жүзеге асыратын басқа үшінші тұлғаларда қолданылмайды. Бағдарламаның жекелеген элементтеріне (мысалы, акцияларға немесе іс-шараларға) қатысты Ұйымдастырушы бағдарламаның басқа қолданылу аумағын ерекше атап өтуі мүмкін.
Бонус- adidas Universe («Universe”) адалдық бағдарламасының (бұдан әрі-Бағдарлама) Қатысушыларына Ұйымдастырушы ұсынатын түрлі қосымша жеңілдіктер, артықшылықтар, ерекше қызметтер.
Сәйкестендіру нөмірі-adidas Universe виртуалды карта нөмірі ретінде көрсетілетін adidas Universe (“Universe») адалдық бағдарламасының бірегей мүше нөмірі.
Аккаунт-adidas Universe ("Universe") адалдық бағдарламасына Қатысушының adidas.kz. сайтында тіркелгеннен кейін жасалатын дербес беті, есептік жазбасы.
2. Бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптар
2.1. Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан азаматтарына қатысуға болады. 14 жасқа толған азаматтар бағдарламаға ата - анасының (- ларының), қамқоршысының немесе заңды өкілінің келісімін алғаннан кейін ғана қатыса алады және олардың бағдарламаға қатысуымен мұндай келісімнің алынғанына кепілдік береді. Бағдарламаны ұйымдастырушы осындай келісімді жазбаша растауды сұратуға құқылы.
2.2. 14 жасқа толмаған балалар қандай жағдай болмасын бағдарламаға қатыса алмайды.
2.3. Ұйымдастырушының қызметкерлеріне бағдарламаға қатысуға тыйым салынады.
2.4. adidas Universe ("Universe") адалдық бағдарламасына тек жеке тұлғалар қатыса алады. Заңды тұлғалардың өкілдері өздерінің мүшелігін заңды тұлғаның мүддесіне, оның ішінде заңды тұлғаның атынан сатып алулар жасау үшін пайдалана алмайды.
3. Бағдарламаға кіру
3.1. Қатысушы қатысу талаптарына сай келген жағдайда (жоғарыда 2-бөлімде көрсетілгендей), бағдарламаға Ұйымдастырушының https://www.adidas.kz сайтында өзінің электрондық пошта мекенжайын (email) тексеру арқылы өздігінен кіре алады.
3.2. Тіркелу үшін Ұйымдастырушының https://www.adidas.kz сайтына Қатысушының қолданыстағы электрондық пошта мекенжайын енгізу қажет, содан кейін Қатысушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына хабарлама алғаннан кейін хабарламадан сілтеме бойынша өтеді, осылайша электрондық пошта мекенжайы тексерістен өтеді. Тіркелгеннен кейін Бағдарлама қатысушысы өз қалауы бойынша өзінің аккаунтына келесі дербес деректерді енгізуге құқылы: Тегі, Аты, Әкесінің Аты, туған күні, жынысы, қаласы, байланыс телефондары(телефондары), тұратын қаласы.
3.3. Бағдарламаға кіру үшін ешнәрсе сатып алу және төлем жасау қажет емес.
3.4. Бір Қатысушы бағдарламаның бір ғана виртуалды адалдық картасын ала алады.
3.5. Тіркеу кезінде Қатысушы өзінің нақты және өзекті деректерін енгізуге міндеттенеді. Бағдарламаға қатысу барысында қатысушы қажет болған жағдайда оны жаңарта отырып, ол туралы ақпараттың өзектілігін сақтауға міндетті. Қатысушының өзі туралы дұрыс емес мәліметтерді себебінен, ұйымдастырушы бағдарламаға қатысуға байланысты өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Ұйымдастырушы міндеттемені орындамағаны үшін жауапты болмайды.
4. Балл алу
4.1. Бағдарламаның мүшесі ретінде қатысушы adidas бөлшек сауда дүкендерінде жасалған сатып алулар үшін “АДИДАС» ЖШС бағдарлама шеңберінде анықталғандай баллдар алады.
4.2. Сыйлық карталарын сатып алу үшін балл берілмейді.
4.3. Баллдарды Бағдарламаның басқа Қатысушыларына беру мүмкін емес.
4.4. Баллдардың құндық мәні жоқ және оларды ақшалай баламада беруге болмайды.
4.5. Сатып алуға жұмсалған әрбір 1 (бір) қазақстандық теңге үшін Қатысушы 1 балл алады.
4.6. Сатып алу немесе оның бір бөлігі қайтарылған жағдайда, ол үшін есептелген баллдар пропорционалды түрде кері есептен шығарылады.
4.7. Сатып алу баллдары тауарды нақты бергеннен және тауарға/тапсырысқа ақы төлегеннен кейін 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде есептеледі (оқиғалардың қайсысы кейінірек болғанына байланысты).
Бұған мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:
• Туған күн бонусы: Қатысушының деңгейіне байланысты Қатысушы қосымша балл жинай алады. Бұл Бонус автоматты түрде мүшенің шотына есептеледі. Туған күн бонусы күнтізбелік жыл ішінде тек 1 (бір) рет есептелуі мүмкін.
• Жаңа пайдаланушыны тіркегені үшін Бонус, Қатысушы adidas.kz сайтында тіркелгеннен кейін промокодты 10% жеңілдікпен ала алады. Бұл Бонус автоматты түрде қатысушының шотына есептеледі. Бонус тек 1 (бір) рет есептелуі мүмкін. Бонус тек adidas.kz сайтында жарамды
4.8. Кейбір жағдайларда Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша бағдарламаның Қатысушыларына балл ұсынатын негіздерді өзгерте, жоя немесе толықтыра алады. Ұйымдастырушы бұл туралы қатысушыларды алдын ала арнайы хабардар етуге құқылы, бірақ міндетті емес.
4.9. Сатып алу баллдарын тек adidas.kz. сайтында тіркелген пайдаланушыларға алуға болады. Сатып алу баллдарын алу үшін бағдарламаға Қатысушы бөлшек сауда дүкенінде немесе adidas.kz сайтында келесі әрекеттерді жүзеге асыруы қажет: бағдарламаға мүшелік куәлігін ұсыну (адалдық бағдарламасында тіркелген телефон нөмірі, аккаунттағы adidas.kz сайтындағы QR-код, немесе сатып алуды рәсімдеу кезінде (ол болған жағдайда) adidas.kz сайтында аккаунттағы жарнамалық кодты қолдану). adidas.kz сайтындағы жеке кабинеттің скриншоттарын / штрих-код суреттерін ұсынған жағдайда жеңілдік беру жүзеге асырылмайды.
4.10. Бағдарламаның жаңа қатысушылары бағдарламаға тіркелген күннен бастап балл жинай алады. Басқа да өткен төлемдер немесе әрекеттер балл есептеу үшін бағдарламада есепке алынбайды.
• Егер Қатысушыда тек adidas universe пластикалық картасы бар болып, бірақ,Қатысушы бұрын adidas.kz сайтында тіркелмеген және оның adidas.kz. сайтында виртуалды картасы мен есептік жазбасы болмаған жағдайда, ол adidas.kz сайтындағы адалдық бағдарламасына тіркелуі керек. Егер Қатысушы adidas.kz сайтында тіркелген кезде пластикалық картаны алғанда көрсеткен телефон нөмірін ұсынса, виртуалды карта пластикалық картада қол жетімді және жасалған есептік жазбада автоматты түрде қосылатын барлық бонустарды қамтитын болады. Егер карта акаунтта автоматты түрде қосылмаса, adidas.kz сайттының байланыс орталығына +7 747 362 21 77 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңыз және adidas universe пластикалық картасына байланған деректеріңізді растауыңыз қажет.
5. Баллдардың жарамдылық мерзімі
5.1. Бағдарлама шеңберінде есептелген балдар олар есептелген күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде қолданылады. Бұл шарттардағы алып тастауларды Ұйымдастырушы арнайы талқылауы керек.
5.2. Яғни: егер Қатысушыға 2022 жылғы 09 маусымда ұпайлар есептелген болса, онда бұл ұпайлардың қолданылу мерзімі 2023 жылғы 08 маусымда аяқталады.
6. Қатысу деңгейі
6.1. adidas Universe адалдық бағдарламасы ("Universe") қатысудың 4 (төрт) деңгейіне ие. Қатысушы келесі ретпен ұпай жинау арқылы өз деңгейін көтере алады:
I. Level 1: 0-49,999 баллдары бар Қатысушылар үшін бастапқы деңгей. Бұл деңгейге қосылу үшін бағдарламаға тіркелу жеткілікті, ешқандай сатып алу қажет емес;
II. Level 2: 50,000–99,999 балл жинаған Қатысушылар үшін екінші деңгей;
III. Level 3: 100,000–199,999 балл жинаған Қатысушылар үшін үшінші деңгей;
IV. Level 4: 200,000 және одан жоғары баллдары бар Қатысушылар үшін төртінші деңгей;
6.2. Жаңа деңгейге көшу қажетті балл санына жеткеннен кейін 3 күн ішінде жүзеге асырылады. Егер қатысушы сатып алу үшін балл алу арқылы деңгейді көтеруге қол жеткізсе, онда ұйымдастырушы adidas тауарларын сату Ережелеріне сәйкес тиісті сапалы тауарды қайтарудың белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін жоғары деңгейді беруді кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады.
6.3. Жинақталған баллдар аяқталғаннан кейін сол деңгейде қалу үшін Қатысушы осы деңгейдің талаптарына жауап беруі керек және осылайша қайта біліктіліктен өтуі керек. Егер Қатысушының осы сәтте балл саны жеткіліксіз болса, онда оның деңгейі тиісті деңгейге дейін төмендетіледі. Сатып алуды қайтару сонымен қатар деңгейдің төмендеуіне негіз бола алады (тиісті баллдарды қайтаруға байланысты).
7. Қатысушылардың деңгейлерін қайта даярлау
7.1. Егер Қатысушының деңгейі Level-2, Level-3, Level-4 болса және ағымдағы қайта біліктілік кезеңінде жеткілікті балл жинамаса, онда Қатысушының деңгейі осы уақытқа дейін алынған балл санына байланысты төмендейді.
7.2. «Қайта біліктілік кезеңі» Қатысушы жаңа деңгейге жеткен күннен басталады және 12 (он екі) айдағы баллдар ағымдағы қатысу деңгейін сақтау үшін жеткіліксіз болған сәтте аяқталады.
7.3. Ағымдағы деңгейде қайта біліктіліктен өту үшін талап етілетін баллдар саны сол деңгей үшін талап етілетін баллдардың ең төменгі балансына тең.
7.4. Қатысушы жаңа деңгейге өткеннен кейінгі алған баллдары қайта біліктілік баллдарына қосылады.
7.5. Егер Қатысушы қайта біліктілік кезеңінде жеткілікті балл жинамаса, оның деңгейі төмендейді. Деңгейдің төмендеуі қайта біліктілік кезеңінің соңғы күнінде болады.
8. Қатысушының деңгейін көтерудің артықшылықтары
8.1. Жаңа деңгейлерден өту арқылы Қатысушы осы Қағидаларда белгіленгендей бірқатар бонустарға қол жеткізе алады.
8.2. Қатысушы ағымдағы деңгейдегі бонустарға және төмендегі барлық деңгейдегі бонустарға қол жеткізе алады. Мысалы, Level-3 мүшесі Level-3 бонустарына, сондай-ақ Level-2 мен Level-1 бонустарына қол жеткізе алады.
8.3. Кейбір бонустар үшін Ұйымдастырушы арнайы пайдалану ережелерін белгілеуге құқылы, бұл жағдайда бонус қатысушыға осындай бонусты пайдаланудың тиісті ережелерін қабылдағаннан кейін ғана қол жетімді болуы мүмкін. Бонусты пайдалану ережелері қатысушыға Бонус берілген кезде хабарланады.
8.4. Сонымен қатар келесі бонустарды пайдалану ережелері белгіленеді:
• Қайта пайдалануға болатын бонустық жеңілдік: бұл жеңілдік төмендегі кестеге сәйкес Қатысушы деңгейінің әрекет ету кезеңінде шексіз рет пайдаланылуы мүмкін. Қайта пайдалануға болатын бонустық жеңілдік Қатысушыға тиісті деңгейге жеткен сәттен бастап қол жетімді. adidas бөлшек сауда дүкендерінде қайта пайдалануға болатын бонустық жеңілдік кассирге виртуалды карта адалдық бағдарламасында тіркелген телефон нөмірін немесе adidas.kz сайтында аккаунттағы QR кодты ұсынған жағдайда қолданылады. adidas.kz. сайтында сатып алу кезінде жеңілдік adidas.kz сайтндағы аккаунттан қайта пайдалануға болатын жарнамалық кодты қолданғаннан кейін қолданылады, Қатысушының жеңілдік деңгейіне сәйкес келеді. Ұйымдастырушының кейбір тауарларына бұл жеңілдік қолданылмауы мүмкін (осы Ереженің №2 қосымшасын қараңыз).
Бұл жеңілдік, егер өзгеше жағдай қарастырылмаса, Ұйымдастырушының басқа жеңілдіктерімен және ұсыныстарымен жинақталмайды.
Деңгей |
Баллдар саны |
12 айдағы жинақтар бойынша айқындалатын жеңілдік мөлшері |
Level 1 |
0 – 49,999 |
0% |
Level 2 |
50,000 – 99,999 |
5% |
Level 3 |
100,000 – 199,999 |
10% |
Level 4 |
200,000 и более |
20% |
• Бір реттік жеңілдік ваучерлері: бұл ваучерлерді тек 1 (бір) рет қолдануға болады, олардың жарамдылық мерзімі шектеулі болуы мүмкін (яғни оларды қолдану мүмкіндігі), мұндай ваучерді беру кезінде Ұйымдастырушы Қатысушыға хабарлайды. Ұйымдастырушының кейбір тауарларына бұл жеңілдіктер қолданылмауы мүмкін (осы Ереженің №2 қосымшасын қараңыз). Бұл жеңілдік, егер өзгеше жағдай қарастырылмаса, Ұйымдастырушының басқа жеңілдіктерімен және ұсыныстарымен жинақталмайды.
• Хайп тауарларына басымдық беру (яғни, өте жоғары сұранысқа ие тауарлар): деңгейге байланысты Қатысушы хайп тауарларын сатуды бастауға басымдықпен қол жеткізе алады (соның ішінде сатып алу құқығының ұтыс ойынына ерте тіркелу). Алайда, бұл Қатысушы қатысқан жағдайда бұл өнімді сатып алуға кепілдік береді дегенді білдірмейді.
• Сатылымға ерте қол жеткізу: Қатысушы ұйымдастырушының қалауы бойынша кейбір сатылымдарға ерте қол жеткізе алады. Қатысушыларға қол жетімділіктің қаншалықты ертерек болатындығы әр түрлі болуы мүмкін, сонымен қатар сатылым кезінде қатысушының деңгейіне байланысты болуы мүмкін. Өткізілетін сатудың жалпы ережелері де қолданылады.
Арнайы бонустар (белгілі бір тауарларға немесе қызметтерге жеңілдіктер болсын) әзірге қол жетімді болады. Бонустарды беру шарттары Ұйымдастырушының өз қалауы бойынша және кез келген уақытта Қатысушыларға қосымша хабарлаусыз өзгеруі, тоқтатылуы немесе шектелуі мүмкін.
9. Қатысушының деректерін пайдалану ережелері
9.1. Қатысушы өз аккаунтының және оның паролінің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Қатысушы өз аккаунтынан жасалған барлық әрекеттер үшін жауап береді. Қатысушы өзінің паролін және/немесе сәйкестендіру деректерін және басқа да дербес деректерді бермеуі не өзге де жолмен үшінші тұлғаларға рұқсат бермеуі тиіс. Аккаунтқа рұқсатсыз кіру немесе кіру үшін деректер берілген/жоғалған жағдайда Қатысушы ұйымдастырушыны дереу хабардар етуге міндетті (байланыстар 15-бөлімде көрсетілген).
9.2. Бағдарлама тек Қатысушылардың жеке мақсаттарында (оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес)пайдалануына арналған.
9.3. Қатысушы осы арқылы келесі әрекеттерді жасамауға келіседі:
• Коммерциялық мақсатта бағдарламаға мүшелікті пайдалану, өзгерту, жүктеу, сату, беру, жариялау немесе басқа жолмен басқару
• Зиян келтіруі, шығынға ұшыратуы, бағдарламаның қызметін тоқтатуы немесе толығымен тоқтатуы мүмкін кез келген әрекеттерді жасау
• Бағдарламаға мүшелікті теріс пайдалану немесе оны кез келген заңсыз немесе мақсатсыз пайдалану (оның ішінде компьютерлік вирустарды өз аккаунты арқылы тарату, аккаунтты кемсітушілік, қорлау, зұлымдық, жала жабу немесе жеккөрушілік, араздық тудыру және/немесе басқа адамдардың құқықтарын және/немесе қолданылатын заңнаманың талаптарын бұзатын кез келген өзге де тәсілмен пайдалану.
• бонустарды немесе Қатысушының арнайы ұсыныстарын беру, сату немесе айырбастау (соның ішінде осы әрекеттерді жасауға тырысу).
10. Қатысушы бағдарламасына қосыла отырып, дербес деректерді өңдеуге және жарнамалық-ақпараттық хабарламаларды алуға келісім беру:
1) бағдарламаға қатысудың осы қағидаларын толығымен қабылдайды және олармен келіседі;
2) Ұйымдастырушыға Қатысушының дербес деректерін, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жынысын, байланыс телефонын (телефондарын), электрондық пошта мекенжайын(e-mail) өңдеуге (оның ішінде әртүрлі автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау, пайдалану, үшінші тұлғаларға беру, сондай-ақ трансшекаралық беруге (оның ішінде Америка Құрама Штаттарының аумағына), әрі қарай өңдеу мақсатында оларды ұйымдастырушының контрагенттеріне беруді қоса алғанда, дербес деректерді иесіздендіру, бұғаттау, жою (оның ішінде жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау, пайдалану, тарату (Қазақстан Республикасының аумағында беруді және трансшекаралық беруді, оның ішінде Америка Құрама Штаттарының аумағына беруді қоса алғанда), маркетинг, жарнама, пікірлерді зерттеу, бағдарламадағы Қатысушыны сәйкестендіру, әртүрлі сервистік және өзге де қызметтерді ұсыну, ұйымдастырушының дүкендерінде қатысушының сатып алу тарихын өңдеу, жарнамалық хабарламаларды тарату, сондай-ақ Қатысушының Ұйымдастырушымен өзара іс-қимылының бүкіл тарихын талдау мақсатында дербес деректерді иесіздендіру, бұғаттау, жою), оның ішінде қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында жарнамалық-маркетингтік және өзге де зерттеулер жүргізу үшін, жарнамалық-маркетингтік белсенділіктерді, бағдарламаларды, акцияларды және т. б. жүргізу үшін, сондай-ақ Қатысушымен тікелей байланыстарды (жарнамалық-ақпараттық таратуды) жүзеге асыру жолымен қызметтерді нарықта ілгерілету үшін, қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей: электрондық пошта, телефон, интернет желісі, өзге де байланыс құралдарын беруге толық және сөзсіз келісім береді. Қатысушы ұйымдастырушыға және оның контрагенттеріне деректер базасын басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің, сондай-ақ өзге де бағдарламалық құралдардың көмегімен қатысушының дербес деректерін өңдеуге келісім береді. Қатысушы егер бұл осы Қағидаларда көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін қажет болса, оның ұйымдастырушы алған дербес деректері осындай үшінші тұлғалардың дербес деректердің құпиялылығын және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда, Ұйымдастырушы оларды өңдеу кезінде Қатысушының дербес деректерін өңдеуді тапсыра алатын үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін екендігімен келіседі. Қатысушы ұйымдастырушыдан өзінің дербес деректері, оларды өңдеу және пайдалану туралы ақпаратты сұратуға, осы Қағидаларда көрсетілген ұйымдастырушының орналасқан жерінің мекенжайына тиісті жазбаша сұрау салуды жібере отырып, дұрыс емес/ толық емес/ дұрыс емес дербес деректерді алып тастауды немесе түзетуді/толықтыруды/өзгертуді талап етуге құқылы. Қатысушының өзінің дербес деректерін өңдеуге берген келісімі мерзімсіз болып табылады және ұйымдастырушыға осы Қағидаларда көрсетілген ұйымдастырушының орналасқан жеріне жазбаша өтініш жіберу немесе marketing.kz@adidas.com электрондық мекенжайына жазбаша хабарлама жіберу арқылы кері қайтарып алынуы мүмкін. Сондай-ақ, Қатысушы дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алу бағдарламаға қатысуды автоматты түрде тоқтатуды білдіретіндігімен келіседі, бағдарламаға Қатысушының картасы бұғатталады және оны бұғаттау картаны, оның ішінде картадағы барлық жинақтарды пайдалану мүмкіндігінен айырады, сондай-ақ бұрынғы Қатысушы бағдарламаға қайта қосылғысы келген жағдайда дербес деректерді өңдеуге қайта келісім беру қажеттігін білдіреді. Сондай-ақ, Қатысушы ұйымдастырушыға бағдарлама шеңберінде тікелей байланыстарды (жеңілдіктер, акциялар, жаңа ұсыныстар, арнайы ұсыныстар және т. б. туралы жарнамалық-ақпараттық тарату) жүзеге асыру жолымен қатысушымен байланысуға, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, түрлі байланыс құралдарының: пошта, электрондық пошта, телефон, интернет желісі және т. б көмегімен байланысуға келісім береді. Мұндай таратылымдардың жиілігін ұйымдастырушы оның қалауы бойынша біржақты тәртіппен айқындайды. Қатысушы бас тарту себептерін түсіндірмей жарнамалық ақпарат алудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте, егер Қатысушы бағдарламаға кірген кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына және/немесе телефонға көрсетілген таратылымдарды алғысы келмесе, ол marketing.kz@adidas.com. электрондық мекенжайына жазбаша хабарлама жіберу арқылы осындай таратылымнан бас тарта алады. Қатысушыны қолда бар жинақтар, сатып алу тарихы және т.б. туралы хабардар ететін сервистік хабарламалар тек ақпараттық сипатта болады және жарнамалық тарату болып табылмайды. Ұйымдастырушы Қатысушыға тіркеу кезінде Қатысушы ұсынған дербес деректерді және Қатысушының өз аккаунтына енгізген деректерін қорғауға кепілдік береді.
11. Қатысуды өзгерту немесе тоқтату
11.1. Қатысушы әрдайым бағдарламаға мүшелігін Ұйымдастырушының заңды мекенжайына жазбаша хабарлау арқылы (15-Бөлімдегі байланыстар) немесе adidas.kz. сайтында аккаунтын өз бетінше жою арқылы тоқтата алады
11.2. Ұйымдастырушы, келесідей жағдай анықталса, Қатысушының мүшелігін тоқтатуға құқылы:
• Қатысушы осы қағидалардың 2-бөліміне сәйкес Қатысушыларға қойылатын талаптарға сай келмейді;
• Қатысушы осы ережелерді немесе сату ережелерін немесе Ұйымдастырушы белгілеген және Қатысушы қабылдаған басқа да қолданыстағы ережелерді немесе қолданыстағы заңнаманы бұзды;
• Қатысушы кез-келген алаяқтық әрекеттерге қатысты, жалғандық, алаяқтық, немесе Бағдарламаға мүшелікке қатысты басқа да теріс қылықтар жасады.
11.3. Бағдарламаға мүшелік тоқтатылған жағдайда Қатысушы өтініш берген сәттен бастап 45 (қырық бес) күн ішінде: • бағдарламаға қатысу тоқтатылады; • Қатысушының ақпараттық таратылымға жазылу әрекеті тоқтатылады; • виртуалды карта бұғатталады, жинақтар жойылады және қалпына келтірілмейді; • дербес деректерді өңдеу тоқтатылады және мұндай деректер жойылады.
11.4. Егер қандай да бір себептермен мүшелік тоқтатылса, онда Қатысушы барлық жинақталған баллдарын жоғалтады. Егер мүшелікті тоқтату-Қатысушының өз таңдауы болса, онда ол кез келген уақытта бағдарламаға қайта қосылуға құқылы, қайтадан бағдарламада тіркелу процесінен өтеді.
11.5. Егер Қатысушы қате, алдау немесе алаяқтық немесе өзге де көзделмеген тәсілмен баллдар немесе бонустар алғаны анықталса, Ұйымдастырушы Қатысушының баллдарын немесе бонустарын толық немесе ішінара қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады.
11.6. Ұйымдастырушы осы қағидаларға (мысалы, заңнама өзгерген жағдайларда) өз қалауы бойынша және кез келген уақытта қатысушыларға қосымша хабарлаусыз өзгерістер енгізуге құқылы.
11.7. Сауалнамалық деректерді түзетуді бағдарлама ұйымдастырушысы сауалнамада айқын қателер болған, немесе одан әрі байланысу/оның «АДИДАС» ЖШС кеңсесіне хабарласуы бойынша проблемаларды шешу үшін Қатысушының деректерін жаңарту қажеттілігі жағдайында (мысалы, Қатысушының электрондық пошта мекенжайының домендік префиксін көрсетудегі қателер кезінде) Қатысушының хабарынсыз жүргізе алады.
11.8. Бонустық бағдарлама бойынша Қатысушының сауалнамасында туған күнін түзетуге бір рет қана жол беріледі.
12. Қолданылатын құқық және соттылық
12.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
12.2. Қатысушының кез-келген шағымы болған жағдайда, оларды 15-бөлімде көрсетілген Ұйымдастырушының кез-келген байланысын қолдана отырып жібере алады.
12.3. Ұйымдастырушы Қатысушының өтінішін (шағымын) қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде қарайды.
12.4. Дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мүмкін болмаған жағдайда, дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес соттың қарауына берілетін болады.
13. Зияткерлік меншік
13.1. Қатысушы барлық тауар белгілерінің, атаулардың, патенттердің, авторлық құқықтардың, деректер базасына құқықтардың, тіркелген және тіркелмеген жобалардың жалғыз және айрықша иесі «АДИДАС» ЖШС екенін мойындайды.
13.2. Қатысушының «АДИДАС» ЖШС-не тиесілі қандай да бір зияткерлік құқықтарды тіркеуге немесе пайдалануға құқығы жоқ.
13.3. Сайттағы барлық мәтіндік ақпарат пен графикалық бейнелер «АДИДАС» ЖШС-нің меншігі болып табылады. Бұл ақпаратты пайдалану авторлық құқықты қорғау және/немесе зияткерлік меншік туралы заңнаманың ережелерімен реттеледі.
13.4. Кез келген нысанда қайта басып шығару, қайта шығару және кез келген материалдарды тарату тек «АДИДАС» ЖШС-нің жазбаша рұқсатымен ғана мүмкін болады.
14. Басқа шарттар
14.1. Осы Келісімнің жекелеген ережелері қолданыстағы заңнама нормаларына қайшы келген жағдайда қолданыстағы заңнама нормалары қолданылады. Жекелеген ережелердің жарамсыздығы тұтастай алғанда Келісімнің жарамсыздығына әкелмейді.
14.2. Егер Ұйымдастырушы Қатысушының қандай да бір міндеттемелерді орындауын талап етпесе немесе Ұйымдастырушы өзінің кез келген қорғау құқығын дереу пайдаланбаса, бұл құқықтан бас тартуды білдірмейді.
15. Байланыс
15.1. Қатысушы бағдарламаға мүшелікке қатысты барлық мәселелер бойынша өтінішті төмендегі шарттарда бере алады:
• Ұйымдастырушының заңды мекенжайына хат жазу арқылы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы, 210, А-3 блок. Өтінішті неғұрлым жедел қарау мақсатында Қатысушыға конвертте немесе хатта «adidas Universe адалдық бағдарламасына қатысты» белгісін көрсету ұсынылады.
• adidas.kz сайтының колл-орталығына +7 747 362 21 77 телефон нөмірі бойынша хабарласу арқылы
15.2. Ұйымдастырушы Қатысушыларға осы қағидаларға сәйкес оператордың қызметін бақылауды жүзеге асыру, бағдарлама шарттарының орындалу сапасын бақылау, сондай-ақ Ұйымдастырушының және олар тартқан тұлғалардың міндеттемелерді орындау сапасын мониторингілеу және жақсарту мақсатында телефон арқылы сөйлесулер жазылуы мүмкін екенін хабарлайды.
№1 қосымша.
adidas Universe («Юниверс») адалдық бағдарламасы бар дүкендердің тізімі
№ р/с |
Дүкеннің атауы |
Дүкен мекенжайы |
1 |
adidas KIDS дүкені |
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 263 үй, "MEGA-2"СОО |
2 |
adidas HC дүкені |
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 263 үй, "MEGA-2"СОО |
3 |
adidas дүкені |
Алматы қ., Мақатаев к-сі, 127, "Mega Park"СОО |
4 |
adidas дүкені |
Алматы қ., ш / а. Самал-2, 111 үй, "Dostyk Plaza"СОО |
5 |
adidas KIDS дүкені |
Алматы қ., ш / а. Самал-2, 111 үй, "Dostyk Plaza"СОО |
6 |
adidas ORIGINALS дүкені |
Алматы қ., ш / а. Самал-2, 111 үй, "Dostyk Plaza" СОО |
7 |
adidas дүкені |
Астана қ., Достық к-сі, 9 үй, "Керуен"СО |
8 |
adidas дүкені |
Астана қ., Тұран даңғылы, 37-үй, Хан Шатыр СОО |
9 |
adidas KIDS дүкені |
Астана қ., Тұран даңғылы, 37-үй, Хан Шатыр СОО |
10 |
adidas дүкені |
Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 62-үй, MEGA Silk Way СОО |
11 |
adidas KIDS дүкені |
Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 62-үй, MEGA Silk Way СОО |
12 |
adidas дүкені |
Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 59/2 үй, "CITY Mall"со |
13 |
adidas дүкені |
Павлодар қ., Сәтбаев к-сі, 57-үй |
14 |
adidas дүкені |
Ақтау қ., 4 шағын аудан., 11206 үй |
15 |
adidas KIDS дүкені |
Ақтөбе қ., Мәметова көшесі, 4-үй, "Keruen City"СОО |
16 |
adidas дүкені |
Ақтөбе қ., Мәметова көшесі, 4-үй, "Keruen City"СОО |
17 |
adidas дүкені |
Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 48-үй, "MART"СО |
18 |
adidas FO дүкені |
Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 2 үй,"Мерей" СО |
19 |
adidas FO дүкені |
Алматы қ., 8 шағын аудан, 37/1, "Moskva"СОО |
20 |
adidas FO дүкені |
Астана қ., генерал Сабыр Рақымов к-сі, 93 үй,"Аймақ" СО |
21 |
adidas FO дүкені |
Қарағанды қ., Бұқар Жырау даңғылы, 88/2 үй,"Таир" СО |
22 |
adidas FO дүкені |
Шымкент қ., Рысқұлов көшесі, Дулати көшесінің қиылысы, "Hyper House" СО |
№2 қосымша
Адалдық бағдарламасы бойынша жеңілдік adidas Yeezy, IVY PARK, Pharrell, Prada, ADIOS PRO және Prime Х желілеріне қатысты барлық өнімдерге қолданылмайды.