Сайттағы adidas Universe картасы қалай жұмыс істейді?
adidas Universe виртуальды картасы бойынша жеңілдікті қолдану үшін өз телефон нөміріңді көрсетіп және растау арқылы сілтемесі бойынша сайтта тіркелу қажет.
Егер мұндай нөмірі бар қатысушы adidas Universe адалдық бағдарламасында тіркелген болса, барлық деректер сайттағы жеке кабинетте автоматты түрде пайда болады.
Адалдық бағдарламасы бойынша жеңілдік Қазақстан аумағындағы adidas концептуальды дүкендерінде және https://www.adidas.kz ресми сайтында жарамды.
Сайтта adidas Universe бағдарламасы бойынша жеке жеңілдікті қолдану үшін, Сіз тапсырысты рәсімдеу кезінде өзіңіздің бірегей қайта пайдалануға болатын промокодыңызды енгізуіңіз керек. Бұл сіздің adidas Universe жеңілдіктеріңізге тең және оны тек adidas Universe есептік жазбасының иесі пайдалана алады.
Adidas Universe бағдарламасы бойынша жеңілдік сату тауарларынан (outlet) басқа қолданыстағы арнайы ұсыныстармен және акциялармен жинақталады және жеткізу құнына қолданылмайды. Тауарлардың қорытынды құны қолданылған купонға сәйкес төмендетіледі. Жеңілдік туған күн мен жазылым үшін жарнамалық кодтармен қосылмайды.
Adidas universe промокодын таба аласыз:
- adidas.kz сайтындағы жеке кабинетте
Жеке кабинетте “сіздің купондарыңыз” тапсырыста қолдануға болатын қайта пайдалануға болатын промокод көрсетіледі. - электрондық пошта арқылы жеңілдік деңгейіне жету туралы хатта
Төлем жасамас бұрын, жарнамалық кодты көшіріп, оны кәрзеңкедегі тиісті жолына қойыңыз. Осыдан кейін кәрзеңкедегі баға қайта есептеледі.
Егер сіз купон алу үшін жеке кабинетке кіре алмасаңыз және промокоды бар хатты өшіріп алсаңыз, adidas.kz чатқа хабарласыңыз немесе +7 747 362 21 77 нөмір бойынша сенім телефонына қоңырау шалыңыз.